Қалалық үлгілі қазақ кітапханасы Түркі өркениетін, мәдениетін зерделеу, түркі және түркі тілдес елдерге ортақ Ұлы даланың тарихында аты мәңгіге қалған тұлғаларды таныту, дәріптеу, өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында «Түркі әлемінің генезисі» атты жобасын қолға алды. Осы жоба аясында «Қазақстан –түркі халықтарының қасиетті Қарашаңырағы» атты тарихи time ұйымдастырылды. Шараға Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің тарих кафедрасының оқытушысы, түріктанушы Ғалымтай Мәлікұлы қатысты. Шарада Ғалымтай Мәлікұлы Қазақ елінің Түркі әлеміндегі орнына жан-жақты талдау жасап, түркі әлемінің тарихы жайлы көптеген міліметтермен бөлісті. Шара барысында «Қазақстан - түркі әлемінің бесігі» атты бейнесюжет көрсетілді.
Мақаланың шыққан күні: 17.02.2021
Қаралым саны: 18902
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru