8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Халықтан шыққан дана ақын» Республикалық online поэзия байқауының нәтежелері

   Мемлекет басшысы 21 ғасырдың 2021 жылын «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп ресми түрде жариялаған болатын. Өздеріңізге мәлім, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарық көрді. Осыған сәйкес, қазақ тілі мен қазақ ақын-жазушыларының, жыршыларының еңбектерін насихаттау да айрықша орын алады. Осыған орай, биыл жыр алыбы Жамбыл бабамыздың 175 жылдығын өз дәрежесінде атап өткізілді.

   Соның айғағы Көкшетау қаласы Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасы Республикалық көлемде жасөспірімдер арасында «Халықтан шыққан дана ақын» атты online поэзия байқауын ұйымдастырды. Жыр дүлділі, ақын, дара тұлға Жамбыл баба жырларын насихаттаушы жас ұрпақтарққа патриоттық рух силайтын поэзия оқу жарысына, Елімііздің әр түрлі қалалары мен аймақтарынан, әр түрлі жастағы балалар мен студенттер жоғары дірежеде бәсекеге түсті. Нақты айтсақ, Түркістан облысы, Маңғыстау, Семей, Шымкент, Көкшетау, Қызылорда қалаларынан, Сайрам ауданынан, Созақ ауданынан т.б. өңірлерден жастар белсене қатысып, өнерлерін ортаға салды. Жеңіс бар жерде, жеңіліс те қата жүреді. Байқауда жүзден жүйрік мыңнан тұлапар болып, оза шапқан жеңімпаз атанғандардың тізімі төменде:

"Ең үздік мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша 1 – орын иегері Меруерт Жеңісова (Көкшетау қаласы)

2 – орын иегері Жанғали Ерасыл; ( Маңғыстау облысы)

3 - орын иегері: Колядина Альбина (Көкшетау қаласы)

"Ең сүйкімді қатысушы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған: Қабдырашитова Аружан (Семей қ.)

"Ең жақсы лирикалық орындау үшін» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған: Мафтуна Нажиева (Шымкент қ.)

"Ең жас қатысушы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған: Сарычев Роман(Семей қ.)

"Ең сезімтал қатысушы" номинациясы бойынша жеңімпаз атанған: Палмахан Меруерт (Түркістан облысы)

Темірлан Темірбай (Семей қ.)

https://youtu.be/6pCEI5rer6

https://www.youtube.com/watch?v=oyYRsDM-tSA

Мақаланың шыққан күні: 26.02.2021

Қаралым саны: 17340

Біз әлеуметтік желідеміз