8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ҚАДЫРДЫҢ ҚАДІРІ»

Қазақ қалалық үлгілі кітапханасында Әдебиет және өнер музейімен бірлесе, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына орай «Қадырдың қадірі» атты әдеби - сазды кеш ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты: Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау, олардың бойына патриоттық сезімдерді ұялату.

Іс-шара аясында филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Қазақ филологиясы кафедрасының профессоры Сәбит Жәмбек осы көрнекті қоғам қайраткері, көрнекті ақын және аудармашының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндап берді.

Шараға өнер музейінің директоры Нұрбек Нұралы мен музей қызметкерлері, Көкшетау қаласының 5 «Таңдау» мектеп - гимназиясының оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығы Қазақстанның мәдени-әдеби өмірінде өшпес із қалдырды. Оның поэзиясы шабыттандырып, ал оның өзі оқырмандардың жүрегінде және Қазақ әдебиеті тарихында халық даналығы мен поэтикалық жанның жарқын өкілі ретінде мәңгі қалады. Кеште Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегерінің өлеңдері оқылды.

Мақаланың шыққан күні: 16.01.2025

Қаралым саны: 133

Біз әлеуметтік желідеміз