8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ҚАДЫР ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ СЫРШЫЛ СЕЗІМ»

Балалар кітапханасында ақын, аудармашы Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай «Қадыр өлеңдеріндегі сыршыл сезім»
атты поэтикалық көңіл - күй кеші өтті. Қадыр Мырза Әлі 50-ден астам поэзиялық жинақтардың, әдеби-сыни және балалар кітаптарының авторы. Қ. Мырзалиев қазақ балалар әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан ақын. Ол мағыналы және тіл жаттықтыруға арналған жаңылтпаштар мен жұмбақ, мысалдар мен тапсырмалар, мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер жазды. Ақынның шығармашылығы қазақ орта мектебінің бағдарламасына еніп, жоғары сынып оқушыларына оқытылады. Оның көптеген өлеңдері қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарына арналған «Ана тілі» оқулығына енгізілген. Шара барысында Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылып, тақырып аясында кітап көрмесіне шолу жасалды. Шараға №18 мектептің 7 сынып оқушылары Бижұма Ерасыл, Мұнарбек Аякөз қатысып, ақынның өлең шумақтарынан үзінділер мәнерлеп оқыды. №14 мектептің 9 «ә» сынып оқушылары Нұркен Мансур, Амантай Нурали домбырамен «Адай» күйін орындады.
 

Мақаланың шыққан күні: 29.01.2025

Қаралым саны: 268

Біз әлеуметтік желідеміз