8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ҚАЛАМГЕР ПАРЫЗЫ - ЕЛДІК МҰРАТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ»

Қазақ қалалық үлгілі кітапханасы жас ұрпақтың Отанына, халқына, еліне, жеріне деген патриоттық, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу, сондай-ақ еліміздің мәдени-әдеби өркендеуіне өздерінің өшпес қолтаңбаларын қалдырған Көкше өңірінен шыққан қайталанбас тұлғалардың қайраткерлік өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында «Туған өлке» атты жобасын қолға алған болатын. Бүгін осы жоба аясында оқырмандарын тың жаңалыққа толы шығармашылығымен тәнті етіп келе жатқан көрнекті жазушы, белгілі журналист, білікті аудармашы Сарбас Ақтаевтың 90 жасына арналған «Қаламгер парызы - елдік мұратқа қызмет ету» атты автор күні ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты: жерлес қаламгердің шығармашылығын насихаттау, үлгі ету, кітап оқуға шақыру.

Шараға Сарбас ағамыздың туысы Шарипжанова Раушан Төлеубекқызы,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Төреғожа Қайырбай

Зейноллаұлы, Ақмола облысының Әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкері Нұрболат Әлменов және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушысы Искендерова Көгаршын Жолдыбайқызы, осы колледжінің студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Шарада Сарбас Ақтаевтың қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны, бүкіл ғұмырын арнаған журналистка саласындағы жетістігі, шетел әдебиетінің інжу-маржандарын ана тілімізде сөйлеткен аудармалары жайлы баяндалды.

Шара барысында «Қаламгер парызы - елдік мұратқа қызмет ету» атты кітап көрмесі мен жазушының өмірі мен шығармашылық жолындағы жетістіктері бейнеленген арнайы деректі фильм ұсынылды.

 

Мақаланың шыққан күні: 20.09.2024

Қаралым саны: 30

Біз әлеуметтік желідеміз