8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ҚАРАҒАНДЫ09: ЕРКІН ДИАЛОГ АЙМАҒЫ»

8 -19 қыркүйек күндері Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Қарағанды облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90 жылдық мерейтойына арналған «Қарағанды09: еркін диалог аймағы» халықаралық OpenTalk өтті. Осы ісшараға Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің әдістемелік библиографиялық бөлім меңгерушісі Айнұр Тұрсынбекқызы Утебаева қатысты.

Халықаралық OpenTalk жұмысына Қазақстанның ұлттық кітапханаларының басшылары, Жастарға арналған Ресей мемлекеттік кітапханасының директоры И.Б. Михнова Мәскеу қаласы, Ресей ұлттық кітапханасының библиография және өлкетану бөлімінің аға ғылыми қызметкері, Ресей кітапхана қауымдастығының «Қазіргі кітапханалардағы өлкетану» секциясының төрағасы Н.М. Балацкая Петербург қаласы, Сүлеймания қолжазбалар кітапханасы директорының орынбасары, Түрік қолжазбалар қауымдастығының президенті Хусейн Кутан мырза Түркия, Стамбул қаласы, А.С. Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасының директоры А.В. Ремизов Омбы қаласынан қатысып, Қазақстандық кітапханашыларға шеберлік сағаттар, диалог алаңдар өткізіп, тәжірбиелерімен алмасты. Сонымен қатар Н.В Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына, Қарағанды өлкетану музейіне, Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасына экскурсиялар, ақын-жазушылар, шығармашылық жастардың қатысуымен дөңгелек үстел, Мобилогафия тақырыбына сынып сағаты ұйымдастырылды. Іс -шара барысында көтерілген тақырыптар оқырмандарды кітапханаға тарту, жаңа креативті жобалар ашып жүргізу, өлкетану бағыты, сандық цифрландыру бағдарламасы, оқырмандарды кітап, кітапханаға тарту, кітапханашы мәртебесін көтеруге бағытталды. Шара соңында Қазақстанның барлық аймақтарынан келген руханият жанашырлары Қарағанды облысы, Долинка кентінде орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еска алу музейі Қарлаг-қа экскурсияға барды.

Мақаланың шыққан күні: 20.09.2024

Қаралым саны: 565

Біз әлеуметтік желідеміз