8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ҚАЗАҚСТАН – РЕСПУБЛИКАМ МЕНІҢ»

Қазақстан Республикасы күніне орай «Салтанат сарайы» жанындағы қалалық үлгілі кітапхананың  ұйымдастыруымен Қазақстанның әлемдік өркениет пен мәдениет биігінде алар орнын жырға қосу, насихаттау, ұлттық поэзия ізін жалғар өскелең ұрпақтың шығармашылық өнеріне қолдау көрсету мақсатында мектеп оқушылары арасында «Қазақстан – Республикам менің» атты партиоттық тақырыпқа өлең оқу  акциясы өткізілді.Бұл күні еліне деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін өлеңдер арқылы жеткізу үшін келген  Көкшетау қаласының 12 мектебінен 14  үміткер  жыр додасына түсіп,  Отан,  Қазақстан  туралы өлеңдерін жатқа айтып, еліне деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін жыр арқылы жеткізді.   Қазылар алқасына төрағалықты белгілі қоғам қайраткері, тіл және мәдениет жанашыры қарымды қаламгер  Қаратай Байкенұлы Төлекеев жүргізді. Қазылар алқасының құрамында  Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы Жансая Атымтаевна  Калиакпарова, Ақмола  облысы білім басқармасының Көкшетау  қаласы бойынша білім бөлімінің Гуманитарлық пәндер бойынша әдіскері Иврай Нургуль  бағалау жұмысын жүргізіп,  оқушылардың  өлеңді жатқа және мәнерлеп оқу шеберлігіне, тіл тазалығына, сахна мәдениетіне баса назар аударды. Қорытындысы бойынша Бас жүлдені  Серік Қалиевтің «Оян, қазақ!» өлеңін оқыған Көкшетау қаласының №9 жалпы орта білім беретін мектебінің  9 «б»  сыныбының оқушысы  Мүбарак Мадина , І жүлделі орынды  Несіпбек Айтұлының «Отан» өлеңін мәнерлеп оқыған Красный Яр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің  9 «А» сыныбының  оқушысы Халел Нұрай, ІІ орынды  Нұфтолла Қоблановтың «Ұят болар, шала қазақ атанба!» өлеңімен шыққан №13 “ЭКОС” мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушысы Мұрат Елдана,  ал жүлделі ІІІ орын Қалқаман Сариннің «Еркіндік» өлеңін жырлаған №17 мектеп-гимназиясының  9 «А» сыныбы Молдабаева Инайа иеленді. Жеңімпаздарға Бас жүлде, І-ші, ІІ-ші, ІІІ-ші  дәрежелі дипломдар мен сыйлықтар берілді. Барлық қатысушыларға Алғыс хат табысталды.Байқау  демеушісі «СейНур» ЖШС басшысы Райхан Зейноллақызы Сейдалинаға  Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Сапарұлы Жетпісқалиев атынан Алғыс хат   табысталды.

Мақаланың шыққан күні: 25.10.2024

Қаралым саны: 1090

Біз әлеуметтік желідеміз