8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

ҚАЗАҚТЫҢ АЯУЛЫСЫ, ПЕРИЗАТЫ, ӨШПЕЙДІ ЕШҚАШАНДА ФАРИЗА АТЫ»

Поэзия – адамның ішкі сезімінің тіл жетпес тылсымында жатқан әсем әлем. Поэзия – әлемнің жыршысы, ақылдың айнасы, халық мұңы, өнердің шыңы Ақындық - киелі өнер. Өнер жолы ауыр жол, ақынның әлеумет алдындағы арқалар жүгі де ауыр. Бүгінде Фариза Оңғарсынова Қаазақстанның ең көп оқылатын авторы болып саналады. Оның шығармашылығының негізгі тақырыптары - сүйіспеншілік пен жек көрушілік, ерлік пен қорқақтық, жақсылық пен жамандық. Ақын қашанда өз заманының сыншысы, суретшісі саналған.  Өзінің көптеген өлеңдерін ақын туған жеріне арнады. Фариза Оңғарсынованың шығармаларына әлеуметтікпен азаматтық тән, ақын жырлары отан сүйгіштік рухты оятып, туған халқын сүюге, күрметтеуге, оның дәстүрлері мен мәдениетін қастерлеуге шақырады. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде – кем шығар. Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрісі – дауасы да – поэзия.Қазақ қалалық үлгілі кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын, қайраткер Ф. Оңғарсынованың мерейтойын атап өту, шығармашылығын насихаттау, жастардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру мақсатында  «Қазақтың аяулысы,  перизаты, өшпейді ешқашанда Фариза аты» атты әдеби қонақжай болып өтті. Шараға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушылары мен студенттері және де кітапхана оқырмандары қатысты. Шарада Фариза Оңғарысынова жайлы шағын деректі фильм көрсетіліп, студенттер қауымы ақынның  өлеңдерін жатқа оқыды.  Ақынның шығармашылығына орай ұйымдастырылған «Жыры қалар мәңгілік» атты көрме қойылып, таныстырылды.Жыр – менің жалғыз тарланым,Аялап өтер ардағым,Талықсып атар таңдарым,Айымдай жалқы арман – үн...Жанымды жырмен жалғадым,Өзімді саған арнадым... деп - өз өмірін өлеңге арнаған ақын, бүгін де арамызда болмаса да, ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді демекші, артында өлмейтін өлеңдері қалды. Фаризаның жырлары бүгінгі ұрпақтың санасына сақталып, келер ұрпақтың жүрегінде жаңғыра берері сөзсіз.

Мақаланың шыққан күні: 03.12.2024

Қаралым саны: 116

Біз әлеуметтік желідеміз