8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ҚАЗАҚТЫҢ ҮКІЛІ ЫБЫРАЙЫ»

Көкшенің сал-серілерінің ірі өкілдерінің бірі, халық композиторы, белгілі әнші, ақын-импровизатор Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының биыл 165 жылдығы. Өз заманында әнші-сазгерлігімен аты шыққан Үкілі Ыбырайдың музыкалық мұрасында 40-қа жуық әндер бар. Оның әндері мелодиялық көркем сазға толы, терең ойлы болып келеді. Үкілі Ыбырайдың өзіне ғана тән қасиеттерін ерекшелеу, шығармашылығын насихаттау, оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, өнерді сүюге, бағалауға баулу мақсатында Көкшетау қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінде «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхананың ұйымдастыруымен киелі өнерімен аты аңызға айналған, «Қазақтың Үкілі Ыбырайы» әдеби-музыкалық қонақжай өткізілді.

Әдеби-музыкалық қонақжайымыздың құрметті қонағы Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі, Көкше ақын-композиторларының өмірі мен шығармашылығы жайлы «Ән аманат» атты рухани бағдарламасын қолға алған өнертанушы, сазгер Сәрсенбай Хасенов жас ұрпаққа өнер иесінің өмір жолы мен шығармашылығын насихаттап, оның өзге сазгерлерден ерекшелігіне тоқталып, әндерінің шығу тарихы туралы ой өрістетті. Әншінің «Қалдырған» әнін ерекше толғаныспен орындап берді.

Үкілі Ыбырай шығармашылығының шыңы болып табылатын, ел арасына кең тараған «Гәкку» әнін Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің ән бөлімінің екінші курс студенті Сейтімхан Кәусәр тамылжыта шырқады. Өнер иесі туралы кітап көрмесі,бейнефильм ұсынылды.

Үкілі Ыбырай әлемі бұл шарада толық ашылып үлгермесе де, жас ұрпаққа берері мол тағылымды, мазмұнды болды.

Мақаланың шыққан күні: 25.02.2025

Қаралым саны: 131

Біз әлеуметтік желідеміз