«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КЛАССИГІ»
«Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана «АMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалымен ынтымақтастықта «Кітап-АMANAT» орталығында қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының
жылдығына орай «Қазақ әдебиетінің классигі» атты әдеби портрет өткізді. Шара мақсаты жастарға Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, олардың кітап оқуға құлшыныстарын арттыру болып табылды. Шараға «Аmanat» партиясы Ақмола облыстық филиалының
төрағасы Берген Беспалинов, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері қатысты. Шара барысында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек еткен Сәбит Мұқановтың еңбегін жастарға кеңінен насихаттап, оның санқырлы тұлға екенін танытты. Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкері Біржан Баймағанбет Сәбит Мұқанов пен Мәлік Ғабдуллиннің арасындағы рухани байланысы туралы ой тербеп, музей жанында ашылған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданына қарасты Сәбит Мұқанов әдеби-мемориалдық музейінің «Даладай дархан, дарабоз Сәбең» атты жылжымалы көрме жұмысы туралы ақпарат берді. «Достар» мәдениет сарайының әншісі Аида Әбілқасым сөзін Сәбит Мұқанов, музыкасын Латиф Хамиди жазған қазақ музыкасындағы танымал шығармалардың бірі «Қазақ вальсін» шырқап берді. Кітапханашы «Танымы биік, талғамы терең» кітап көрмесіне
шолу жасады.
Мақаланың шыққан күні: 14.04.2025
Қаралым саны: 56