8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«КӨКШЕНІҢ КӨК НӨСЕРІ КӨКЕН АҚЫН»

«Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасында Көкен Шәкейұлының 100 жылдығына орай «Көкшенің көк нөсері Көкен ақын» атты тақырыптық кеш өтті. Бұл кеште Көкшенің Көкен ақынын ғасырлық межесінде оқырман санасында тағы бір жаңғырттық. Шара шымылдығын Көкшетау қаласының №21 мектеп-лицейінің, Красный Яр №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының оқушылары ақынның қаламынан шыққан және ақын туралы жазылған жырлар шашуымен ашты.

Кеш қонақтары Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Сапарұлы Жетпісқалиев, Шоқан Уәлиханов университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Нұрмұхамбетұлы Жәмбек, белгілі қоғам қайраткері, қарымды қаламгер, мәдениет және тіл жанашыры Қаратай Байкенұлы Төлекеев оқушыларға қазақы сөздің қадір – қасиетін жоғары бағалап, көркемдігін барынша пайдалана білуге үндеген халық ақыны Көкен Шәкейұлының шығармашылық жолын насихаттап, оқушылардың ой көкжиегін кеңейтті. Жас ұрпақты халық ақынының елдік пен ерлік жырлары арқылы туған елінің нар тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікке баулып, патриоттық сезімге бөледі.

Құрметті қонағымыз Көкен Шәкейұлының қарындасы Көңілашар Молдахметқызы Мұңайтпасова «Көкемнің маған арнаған өлеңі» атты ақынның өзіне арнап жазған әнін шырқап, ақынның ата-әжесі жайлы әңгіме ширатты. Балаларды терең білім алып, кітаппен жақын болуға шақырды.

Зайра Көкенқызы Шәкеева кітапханамызға әкесінің «Көкшем менің», «Көкшетаудың ұлымын» және Райхан Сейітованың «Келбеті Көкшетаудай дара тұлға» атты кітаптарын сыйға тартып, шара ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

Шара соңында қатысушылар назарына кең ауқымды көрме ұсынылды. Көрмеде №3 Красный Яр көпсалалы мектеп-гимназиясының қабырғасында ашылған «Көкен Шәкеев музейінің жәдігерлері, ақынның жеке–текті құжаттары, шығармалары орын тапты.

Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Сапарұлы Жетпісқалиев №21 мектеп-лицейінің кітапханашысы Әлия Өкәйқызы Жаныбаева мен «Көкен Шәкеев музейі» жетекшісі Баян Жаровна Хабибуллинаға алғыс хат табыстады.

 

 

Мақаланың шыққан күні: 20.09.2024

Қаралым саны: 39

Біз әлеуметтік желідеміз