8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«КІТАПХАНАНЫҢ БЕЛСЕНДІ ОҚЫРМАНДАРЫ»

12 қыркүйек күні Балалар кітапханасында үздік оқырмандарды марапаттау рәсімі өткізілді. Іс - шараға облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшесі, қарымды қаламгер, тіл жанашыры Төлекеев Қаратай Бәйкенұлы, Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Жетпісқалиев Серік Сапарұлы және 13 мектептің 4 сынып оқушылары қатысты. Іс- шара барысында жыл бойы кітапхананың тұрақты да белсенді оқырмандары болып көзге түскен Серікбай Кәусар, Жанабай Саят, Жүніс Дамир марапатталды.Жазушының өз қолымен табыс еткен сыйлықтары оқырмандарды қуанышқа бөледі. ҚАКЖ басшысы атынан Алғыс хаттар берілді.

Мақаланың шыққан күні: 13.09.2024

Қаралым саны: 288

Біз әлеуметтік желідеміз