8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«КІТАПХАНА МЕНІҢ ҒҰМЫРЫМ»

15 тамыз күні Орталық қалалық үлгілі кітапхана «Достар» мәдениет үйінің кітапханасымен бірлесіп, еңбек ардагері, мәдениет қайраткері Жағыпарова Алтын Ерішқызының мерейтойына орай «Кітапхана менің ғұмырым» атты кездесу кешін өткізді. Мақсаты: Көкшетау қаласының атақты адамдарымен таныстыру, мәдениет қызметкерін мерейтойымен құттықтау. Шара барысында өмірбаяны, құттықтау сөздер, слайдтар көрсетілді. Музыкалық нөмірлер кештің көркін келтірді. Мерекелік шараға Алтын Ерішқызының әріптестері, туған-туыстары, достары қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 15.08.2023

Қаралым саны: 3778

Біз әлеуметтік желідеміз