8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Қаламгерлік пен қайраткерлікті тең ұстаған тұлға»

«Сүлейменов өз өлеңдерін орыс тілінде жазады. Осыған қарамастан, оның барлық өлеңдері өзінің табиғатымен туған қазақ жерінен дем алады...» жазушы, сыншы Асқар Сүлейменов айтқандай

Олжас Сүлейменов сонымен қатар тарихи тақырыптарға да көркемдік игерумен шектелмей, тарихи ғылыми тереңдікке ұласып, отандық және әлемдік тарихтың мыңдаған жылдық қатпарларының ең көкейтесті, ең іргетасты мәселелеріне үлес қосты, ал ұлт тарихында өшпес із қалдырған көрнекті тұлғаларды насихаттау біздің міндет.    Осы орайда Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына, Олжас Сүлейменовтың 85 жылдық мерейтойына, Семей-Невда полигонының жабылуының 30 жылдығына орай Көкшетау қаласы мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі «Қаламгерлік пен қайраткерлікті тең ұстаған тұлға» атты ашық алаң өткізді.

Атаулы іс-шараның құрметті қонақтары Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Оразбаева Күнім Әбдсалыққызы құттықтау сөз сөйлеп, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар және тарих кафедрасының меңгерушісі Елубаев Риззат Берікұлы, Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры Абишева Айгүл Амангелдіқызы қайраткер, жазушының өмірбаяны мен шығармалығын тарихи тұрғыда талқыға салып, өз көзқарасын білдірді.

Қалмагердің журналистік өмірі мен шығармашылығына арналған «Халқы сүйген қаламгер» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шара соныңда жазушының қаламынан тамған өлеңдер оқылып, оқырмандар арасынан ерекше тілектер айтылды

Мақаланың шыққан күні: 18.05.2021

Қаралым саны: 16232

Біз әлеуметтік желідеміз