8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Қазақстан – татулық пен бірліктің ордасы» этно-мәдени орталықтарымен кездесу

28 ақпан күнi«Достар» МС жанындағы қалалық кiтапханасының ұйымдастыруымен «Достар» мәдениет сарайының көпфункционалды залында «Қазақстан — татулық пен бiрлiктiң ордасы»тақырыбында этно-мәдени орталықтарымен кездесу өткiзiлдi. Мақсаты: Қазақстанда тұратын әр ұлттың мәдениетiмен, құндылығымен жақынырақ танысу, ұлттық мәдениетiмiздi, салт-дәстүрiмiздi сақтау, дәрiптеуге үлес қосу. Кездесу кешке Көкшетау қаласының Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы, Назарбаев интелектуалдық-зияткерлiк мектебiнiң шет елден келген мұғалiмдерi «Көкшетау қаласының татар мәдени орталығы» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Сулькарнаев Рафаил Саитулы, Ақмола облыстық «Видергебурт» немiстер қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасыКорнеева Светлана Георгиевна, «Ақмола облысының поляктары қауымдастығы» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасыСуховецкий Александр Анатольевич, «Ақмола облысының өзбек ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрайымы Медетова Тажибуви Усмановна, «Әзербайжандар ассоцияциясы» қоғамдық бiрлестiгi филиалының төрағасы Тариэл Гидаятович, және аталған этно-мәдени орталық мүшелерi,Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесiнiң директоры Әбiшева Айгүл Амангелдiқызы, кiтапхана қызметкерлерi,«Арна» колледжiнiң студенттерi қатысты.

Әр мәдениет орталықтарының өкiлдерi өздерiнiң дайындаған номерлерiн көрсетiп, салт-дәстүрлерiмен таныстырып, жиналған қауымға өздерiнiң мәдениетiнен шашу шашып, достық мерекесiнiң жоғары деңгейде өтуiне себепшi болды. Iс-шарада кiтап көрмесi ұйымдастырылыпп,көпшiлiкке таныстырылды. Қолданбалы өнер шеберi Байковская Альбина Кирилловнаның қолөнер бұйымдарының қорынан әр ұлттың мәдениетiне арналған бұйымдары қойылып, көпшiлiк назарына ұсынылды. Мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының әнұранымен аяқталды.

     

Мақаланың шыққан күні: 28.02.2017

Қаралым саны: 47500

Біз әлеуметтік желідеміз