8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдары»

Биыл 2021 жылы жалпы адамзат өзінің тарихында жазылған қаһарлы соғыстағы Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерекесінен тойлағалы отыр. Ғұмырымыздағы аса қуанышпен қарсы алатың мерекелеріміздің бірі – Женіс күні. Жеңіс күні қанша уақыт өтсе де, қилы өзгеріс болып жатса да, ұрпаққа ең ыстық мейрам болып қала береді. 9 мамыр Жеңіс күні - әр адамды толқытатын ерекше, аса қастерлі де айтулы күн.

Застанциондық қалалық үлгілі кітапхана Ұлы Жеңіс күніне орай «Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдары» атты әдеби вернисаж өтті. №14 орта мектептің 3 сынып оқушылары Ұлы жеңіс күніне арналған белгілі ақындардың өлеңдерің оқыды сонымен қатар тақырып бойша суреттер салып өз Отанына сүйспеншіліктерін көрсете білді. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ағаларымызбен бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз деп сынып жетекшісі Қасымбекова Орынкүл Арыстанбекқызы өз ойын ортаға салып Ұлы Жеңіс меркемен құтықтады.

Жалпы тарих үшін бұл азғана уақыт болса, адамзат өмірінде алатын орны ерекше. Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» - деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі мен келер ұрпақтың өтелмес парызы.

Мақаланың шыққан күні: 08.05.2021

Қаралым саны: 14774

Біз әлеуметтік желідеміз