8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Қазыналы қарттарым»

Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады. Ел қамын ойлап, намысын қорғаған, елеулі еңбек сіңірген абыройлы адамды халық ардагері деп жоғары бағалайды. Жеке адам қоғамда ерекше істерімен, ақыл-парасатымен, адамгершілік ақыл-қасиетімен, беделімен жұртшылыққа танылғанда ғана ардагер болады.14 қазан күні Красный яр қалалық кітапханасында «Ауыл.Тарих.Тағылым» жобасы, даналық айының аясында кітапхана саласынның ардагері Айман Газизовна Алиеваның 75 жас мерейтойына арналған «Қазыналы қарттарым» атты кеш ұйымдастырылды.Шара барысында Көкше МҮ «Әжелер» тобы, «Гүлдер» тобы, Жапаров Е.Г ән айтып қонақтарымызға керемет көңіл күй сыйлады.   Іс шараға ҚАКЖ басшысы Жетпискалиев С.С., кітапхана ісінің ардагерлері және жас мамандар, кітапхана оқырмандары, туыстары, сыныптастары қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 24.10.2024

Қаралым саны: 53

Біз әлеуметтік желідеміз