Биыл еліміз, қазақ әдебиетінің классигі, заманымыздың ұлы суреткері, тарихта сирек кездесетін жан-жақты, терең білімді, шын мәніндегі асқан талант иесі, филология ғылымының докторы, профессор Әуезов Мұхтар Омарханұлының 125 жылдығын атап өтуде. Осы айтулы датаға байланысты Көкшетау қалалық орталық үлгілі кітапханасы «Кемеңгері қазақтың, халқыма ақыл тараттың» атты, портреттік кеш ұйымдастырды.
Үлкен ғалым, педагог Әуезов қазақ әдебиеті тарихын зерттеу, әдебиет кадрларын даярлау жөнінде шексіз көп еңбек сіңірді. Абайтану ғылымының негізін салды. Оның шығармашылық мұрасы – қазақ әдебиетін әлемге танытып, әлемдік үздік шығармаларға айналды.
Мақаланың шыққан күні: 10.02.2022
Қаралым саны: 12841
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru