8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Кiтап — ғажайып қазына»

2021 жыл — Қазақстандағы балалар мен жасөспiрiмдердiң кiтап оқуын қолдау жылы» аясында Бiрлiк қалалық үлгiлi кiтапхана «Кiтап — ғажайып қазына» атты «Айтшы, әжетай» Республикалық балаларға арналған әдеби- танымдық журналының бас редакторы Нұрқанова Сандуғаш Болатқызымен кездесу кеш өткiздi.

Кездесу барысында Сандуғаш Болатқызы өзiнiң шығармашылығы және «Айтшы, әжетай» журнал жөнiнде толымды ақпарат берiп, журналдың негiзгi тақырыптық бағыты-тәрбиелiк және әдеби-танымдық, ал аудиториясы — бастауыш сынып оқушылары болып табылатының, журнал түрлi-түстi суретпен шығатының және баланы имандылыққа, iзгiлiкке, бауырмалдыққа тәрбиелейтiн көп нәрсе табуға болатының айтып кеттi. Оқырмандарға көп оқу керектiгiн, халықты, жерiндi сүю керек екенiн айтты.

Iс-шараға қаламыздағы № 6 орта мектебiнiң 4 сынып оқушылары қатысты. Жас оқырмандарымыз «Айтшы, әжетай» журналының бас редакторына өздерiнiң сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Сандуғаш Болатқызы оқырмандарға журналдың бiрнеше нөмiрiн сыйға тартты.

Мақаланың шыққан күні: 23.09.2021

Қаралым саны: 13400

Біз әлеуметтік желідеміз