8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Кiтапхана — рухани жаңғыру ошағы»

Қалалық орталық үлгiлi кiтапханасында «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, ұлттық рухты бойға сiңiру, рухани жаңғырудың маңызын сипаттап, патриоттық сананы ынталандыру мақсатында «Ұлы Даланың жетi қыры», «Рухани жаңғыру» тарихи-көркем залдары құрылды. Бiрiншi зал өлкемiздiң ақын-жазушыларына арналған «Сал-серiлер керуенiнен» тұрса, екiншi зал «Ұлы даланың –ұлы есiмдерi», «Жетi қазына-Жетi ырыс» экспозиция залдарынан құрастырылған. Көкше десе, ең алдымен кез келген қазақтың ойына осы өңiрдi мекендеп, аспандағы аққуға әнiн қосқан әйгiлi салдар мен серiлер оралады.Көкшетау қазақтың ең көрнектi сал-серiлерi Ақан мен Бiржан, Үкiлi Ыбырай мен Балуан Шолақтың, Еркеш Ибраһим, Көкен Шәкеев өз заманында жырласа қазiргi кезде тақырып ауқымы да сан алуан Төлеген Қажыбай, Жабал Ерғалиев, Қайырбай Төреқожа, Иран Тасқара, Баянғали Әлiмжанов сияқты ақылы дария, дана ақын, жазушылар портреттерi қойылған және осы жергiлiктi ақын — жазушылардың шығармалары оқырмандарға ұсынылған. Жергiлiктi ақын, жазушылардың кiтаптарын оқып, өлеңдерiнен сусындаған оқырмандардың жан дүниесi тек биiкке көтерiлiп толысады, өзгелердiң де қияға қанат қағуына көмектеседi.

Мақаланың шыққан күні: 27.01.2021

Қаралым саны: 14795

Біз әлеуметтік желідеміз