Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қайта жаңғырған «Республика күні» ұлттық мерекесі аясында Көкшетау қалалық қазақ кітапханасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің авторларының бірі – Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған оқырман конференциясы өтті.
іс-шараның басты мақсаты — қазақ поэзиясының ұлы тұлғаларының шығармалары арқылы жастардың ұлтжандылық сезімін ояту, елін, жерін, тілін сүю сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.
Іс-шарада Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серік Жетпісқалиев құттықтау сөз сөйлеп, жастарға Республика күнінің тарихи және рухани маңызын атап өтті.
Шара барысында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Ерлан Нұркенұлы Мырзаханов «Республика күні – ел тарихындағы ұлы мереке» атты баяндамасында егемендік пен тәуелсіздіктің әрбір азамат үшін қастерлі ұғым екенін атап өтті. Сондай-ақ, университеттің филология факультетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Бекқожа Жылқыбекұлы «Жыр сұңқары – Жұмекен Нәжімеденов» атты баяндамасында ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы жайында кеңінен әңгімеледі. Жоғары медицина колледжі студенттері Нәжімеденовтің өлеңдерін жатқа оқып, поэзия әлеміне деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Кітапхана қызметкері Бопан Сайранқызы оқырмандарды «Көк туым желбіре!» атты кітап көрмесімен таныстырды.

Мақаланың шыққан күні: 24.10.2025
Қаралым саны: 900
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru