Наурыз мейрамы – бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн.
Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін жалғасады.
Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс –салтында баяғы замандардан бері орын алған деседі.
Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал-мұрттарын түзеп, шаштарын алдыратын болған.
Ал қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен. Қалалық орталық үлгілі кітапханасында «Көктемнің көш басшысы – Әз Наурыз» әдеби - сазды қонақжай кеш өтті. Кітапхана оқырмандары және №13 «ЭКОС» мектебінің 7-сынып оқушылары қатысты. Кітапхана қызметкері Наурыз мейрамының шығуы тарихын айтып, насихаттады. Балаларға, мақал-мәтелдер айтылды. Іс –шара барысында, ұлттық рәсімдер Көрісу, аластау, тұсау кесер рәсімдері көрсетілді. Нұрай балабақшасының тәрбиеленушісі, Елубай Ерасыл, әжелер тобы, кітапхана қызметкерлері әуезді әндерінен шашу тартты.
Наурыз – бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы.Наурыз мейрамын тойлауға арналған жыл сайынғы іс-шаралар жас ұрпақтың бойында қазақтың әсем салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, туралы білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.Қызығушылық пен мәдениетке деген құрмет сезімін ояту.
Мақаланың шыққан күні: 20.03.2023
Қаралым саны: 4978
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru