8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Кітапхана ісі мамандығы: кеше, бүгін,болашақта» конференция

Республика күніне орай Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің құрылғанына 45 жыл толуына орай «Кітапхана ісі мамандығы: кеше, бүгін, болашақта» атты тәжірбиелік конференция ұйымдастырылады.

Конференция мақсаты: кітапхана- білім мен ғылымның, шығармашылық және мәдени дамудың, ақпараттық жетістіктерін насихаттау, кітапханалар арасындағы кәсіби байланыстар мен өңіраралық ынтымақтастықты нығайту, кітапханашылардың біліктілігін артыра отырып, электронды ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мәселелері бойынша тәжірбие алмасу, кітапхана мамандарының кәсіби деңгейі мен заманауи келбеті, кітапхана мамандығының позитивті имиджин көтеру.

Тарихы 1977 жылдан бастау алған қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінде қазіргі таңда 12 қалалық кітапхана 32085 артық оқырмандарға қызмет жасайды. Әр кітапхана өз жұмысын әр түрлі бағытта кешенді мақсатты бағдарламалармен және инновациялық жобалармен жаңа бағытта жұмыс жүргізеді.

Іс шара Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапхана директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанованың құттықтауымен ашылады.

Сонымен қатар Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Азамат Маратұлы Ысқақов, Көкшетау қалалық мәслихат аппаратының басшысы Берік Қайырбекұлы Маканов, Красныйяр селосының әкімі Ардақ Тасқынбайұлы Тасқынбай, Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитова, Ақмола облыстық Кәсіподақ ұйымының төрағасы Дінмұхамед Мұхамедалиұлы Шалабаев М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директорының м.а. Қуаныш Ерғалиұлы Оспанов, Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Күнім Абдсалықовна Уразбаева, Көкшетау қаласы Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің ұстазы Нұргүл Ғалымқызы Аниеева, Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің, сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі Хамида Камалиденовна Казиева, кітапханашы Смакова Салтанат Жаксылыковна, кітапхана саласының ардагерлері: Лайла Ақжігитовна Сейтова, Алтын Иришевна Жагипарова, Бақытжан Қалымовна Дусатова қатысып, құттықтаулар, баяндамалар оқылып, мектеп кітапханашылары өз ойларымен бөлісті.

Алдағы уақытта кітапхана қызметкерлері кітап пен оқуды алға жылжытып, оқырман көңіліне жол тауып, кітапханаға оқырмандарды тарту, кітап сөрелеріндегі кітаптарды оқырман қолына жеткізу, насихаттау, ақпараттық қызмет көрсету жұмыстары жалғасын таба береді.

Мақаланың шыққан күні: 21.10.2022

Қаралым саны: 9644

Біз әлеуметтік желідеміз