8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Сайыс «Шедевры на ощупь»

Көп жылдар қатарымен қалалық зағиптар және нашар көретiн азаматтарға арналған кiтапханада Ақмола қазақ зағиптар қоғамы филиалының қолдауымен 1-2 топтағы зағиптар арасында Брайль жүйесi бойынша сайстар өткiзiлiп жатыр. Аталмыш жылдың 29 қыркүйегi «Шедевры на ощупь» атты сайыс өз жалғасын тапты. Сайысқа Көкшетау қаласының зағип оқырмандарымен қатар Зерендi, Атбасар аудандарынан және Степногорск қаласының зағиптары қатысты. Қазылар алқасының қатарында Ақмола облыстық қазақ зағиптар қоғамы филиалының төрайымы Танирбергенова М.В. және қалалық ақпараттық кiтапханалар жүйесiнiң басты библиографы Смагулова А.М. қатысты. Демеушiлiк көрсеткендер «Консул», құрылыс компаниясы, күзет фирмасы «Кокше-Эгида», ҚЗҚ «Көкшетау» корпоративтiк қоры. Сайыстың мақсаты: Брайль жүйесi бойынша жазу және оқудан өз бiлiктiлiгiн арттыру. Бүгiнгi сайыста жеңiмпаз атанғандар: Көкшетау қаласынан Шолох В.В., Оладько М.И., Щекотов А.Е.және Степногорск қаласынан Рванцова М.А,.

       

Мақаланың шыққан күні: 29.09.2017

Қаралым саны: 47931

Біз әлеуметтік желідеміз