8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Көркемсурет әлемі»

Орталық қалалық үлгілі кітапханада «Көкшенің көркемсурет палитрасы» жобасы аясында «Көркемсурет әлемі» кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты: балалардың бойында әсемдікке, көркемдік талғамға, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, шығармашылық әлеуетін белсендіру, жалпы адамзаттық құндылықтарды іс жүзінде қолдана отырып, оқырмандарды көркем шығармашылыққа деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру. Көкшетау қаласының шығармашылық адамдарды насихаттау.

Кездесу қонағы талантты суретші Виктор Сергеевич Кубрин болды. 20 жылдан астам шығармашылық қызметінде суретші Виктор Кубрин көптеген суреттер салды. Қазір олар әлемнің көптеген елдеріндегі мұражайлар мен көркем галереяларда сақтаулы. №13 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары суретшінің өмірбаяны мен шығармашылығымен танысып, жобаларымен танысты, шеберлік сыныбына қатысты.

Қатысушылар қызықты сұрақтар қойып, жақсы жауаптар алды. Виктор Сергеевич шараға кіші қызы Елизаветаны ертіп келді, осы қызы суретшіні шабыттандырады. Жақсы сурет салудың сыры қарапайым: рахаттана сурет салу керек, сонда бәрі ойдағыдай болады», -деді Виктор Сергеевич.

Мақаланың шыққан күні: 24.09.2024

Қаралым саны: 20

Біз әлеуметтік желідеміз