8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Қожаның қызықтары»

«Балалар жылы» аясында Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің жарық көргеніне 65 жыл толуына орай «Қожаның қызықтары» атты әдеби сағат өтті. Бұл повесть 1957 жылы жарыққа шықты.

Іс-шараның мақсаты қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Жазушының шығармалары арқылы жас оқырмандардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Шара барысында Көкшетау қаласының №22 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары, кітапхананың жас оқырмандары №22 мектеп оқушыларының қатысуымен «Менің атым – Қожа» повесінен сахналық көрініс қойылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Әдеби сағатта шығармашылық танытқан 7 «а» сынып оқушысы Ерланұлы Мәди, 9 «а» сынып оқушылары Бескемпирова Мадина, Қаржау Әлихан, 4 «а» сынып оқушылары Абай Айқын,Еслямбек Жанерке,Шәріп Айғаным Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшылығы атынан Алғыс хатымен марапатталынды.

Мақаланың шыққан күні: 14.12.2022

Қаралым саны: 7157

Біз әлеуметтік желідеміз