8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Алақай» қуыршақ клубы

«Балалар әдебиетi жылы» Застанционды қалалық үлгiлi кiтапханада «Алақай» қуыршақ клубы кiшкентай оқырмандарға «Үш торай» қуыршақ спектаклiн ұсынды. Қуыршақ клубының актерлерi Болат Жансая, Қайыргелдинова Гүлназ, Дулат Рамина, Қазбекова Аяулым, Закерьянова Алина ертегi кейiпкерлерiн дыбыстауға тырысты. Спектакльдермен жұмыс жасау барысында балалар сөйлеу техникасы, мәнерлеп оқу, есте сақтау, ойлау, қиял, шығармашылық белсендiлiк сияқты өмiрге пайдалы қасиеттердi дамытады.Кiтапханадағы қуыршақ театры оқырмандардың (әртiстер мен көрермендердiң) өмiрiн қызықты, мазмұнды, жарқын әсерлер мен шығармашылық қуанышқа толы етедi. Шығармашылық қарым-қатынас кезiнде алынған дағдылар мен мiнез-құлық стандарттары балаларға болашақта пайдалы болады.

Мақаланың шыққан күні: 20.05.2021

Қаралым саны: 14492

Біз әлеуметтік желідеміз