8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Абай мұраларын ұлықтайық» әдеби музыкалық

Биыл қазақтың бiртуар ұлдарының бiрi, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бiрi, қазақ әдебиетiнiң шоқтығы биiк iрi тұлғасы А.Құнанбайұлының туғанына 177 жыл толуына байланысты ақын шығармаларын кеңiнен дәрiптеу және қайта жаңғырту мақсатында Орталық қалалық үлгiлi кiтапханасы мен Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлiмiмен бiрлесiп «Абай мұраларын ұлықтайық» атты әдеби музыкалық кеш өткiздi. Кеште Абай шығармаларынан үзiндi оқылып, сарбаз Тесiкбай Мақсат ақынның отыз бiрiншi қара сөзiн оқып, «Сегiз аяқ» әнiн нақышына келтiрiп орындап бердi. Сарбаз Асқаров Мәди «Көзiмнiң қарасы» әнiн, кiтапхана қызметкерi Аубакиров Рустам Сағынтайұлы «Желсiз түнде жарық ай» әнiн шырқады. Кеш барысында тақырыпқа байланысты викториналық сұрақ-жауап ойналды. Кеш соңында қорытынды сөз алған Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлiмiнiң тәрбие және әлеуметтiк құқықтық жұмыстар бөлiмшесi бастығының мемлекеттiк тiлдi енгiзу жөнiндегi көмекшiсi, лейтенант Нұрғалиев Бауыржан Қасымұлы кiтапхана қызметкерлерiне алғыс айтып, Абайдың — туған жерiн, елiн, тiлiн, дiнiн жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын болғандығын кейiнгi ұрпаққа ақын мұраларын оқып, бiлуге шақырды.

Мақаланың шыққан күні: 11.08.2022

Қаралым саны: 15172

Біз әлеуметтік желідеміз