8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Көкшенің біртуар азаматы»

Зағип және нашар көретін азаматтардың қалалық арнаулы кітапханасы біздің жерлесіміз, белгілі жазушы, журналист, Жазушылар одағының мүшесі, талай жылдар бойы «Көкшетау правдасы» газетінің редакторы болған Жанайдар Мусиннің 85-жылдығына орай «Көкшенің біртуар азаматы» атты әдеби портрет ұсынды. Іс шара барысында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің архив қорынан материалдар алынып, жазушының шығармашылығы, марапаттары, дәрісхана жайлы ақпарат тарқатылды. Кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды, автордың шығармалары, соның арасында жазушының «Жер шоқтығы Көкшетау», «Ақ алаң», «Мандат» және т.б. кітаптары, мерзімді басылымдардан мақалалар ұсынылды.

Мақаланың шыққан күні: 23.02.2021

Қаралым саны: 16129

Біз әлеуметтік желідеміз