8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«МЕН ӨЗ ДӘУІРІМНІҢ ПОРТРЕТІН ЖАСАДЫМ»

«Жақсының аты өлмейді» дейді дана сөз. Жадындағы жақсысын халық ешқашан ұмытпайды. Еркiн Әуелбеков - белгiлi мемлекет және саяси қайраткері, iрi ұйымдастырушы, Социалистiк Еңбек Ерi. 10 жылға жуық Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметінде болды. Әуелбеков Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру жұмыстарының жүруіне үлкен үлесін қосты. Үш мәрте Ленин, Октябрь революциясы, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендері, медальдармен марапатталған.

22 маусым күні Социалистік Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ халқының аяулы перзенті Еркін Әуелбековтің туғанына 94 жыл толады. Осы орайда, талантты ұйымдастырушы, белгілі саясаткердің өнегелі ісін кейінгі ұрпаққа таныту, дәріптеу мақсатында Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесі мен қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің бастамасымен қазақ кітапханасында «Көне сурет: тарих тағылымы» атты мәдени шара Көкшетау обкомының бірінші хатшысы Еркін ағаның көмекшісі болған, әуесқой фотограф Әлібай Серікұлы Мұқашевтің шығармашылығына арналды. Әуесқой фотограф Әлібай Мұқашевтің архивінен алынған тарихи фотосуреттер Социалистік Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің ғибратты ғұмырнамасынан сыр шертіп, мақтаныш сезіміне бөлері хақ.

Шарада халық үшін білімін, тәжірибесін аямай жан дүниесімен қызмет етіп, ел үшін атқарылатын жұмысқа келгенде өзін де, өзгені де аямайтын Әуелбековтің қарапайым халыққа шын жанашыр болғаны және Еркін Нұржанұлының басты ұстанған қағидасы жайында айтылып, ар тазалығын қашанда биiкке қойғандығын алға тартты. Сонымен қатар, шарада «Ел үшін туған ер аға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Ел үшін адал еңбек етіп, халықтың ықыласы мен алғысына бөленген Әуелбековтей абзал азаматтың бейнесі халық жадында мәңгілік сақталмақ.

Мақаланың шыққан күні: 21.06.2024

Қаралым саны: 2207

Біз әлеуметтік желідеміз