8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Ою — өрнектiң сыры» шеберлiк сағат

Қазақ қалалық үлгiлi кiтапханасында «Дәстүр және ғұрып» жобасы аясында «Ою — өрнектiң сыры» шеберлiк сағаты ұйымдастырылды.

Ою-өрнек — ұлтымыздың мәдени дамуының шежiресi, халықтың өткен тарихы — рухани, мәдени-материалдық өмiрiнiң айнасы. Шара барысында қолөнер шеберi Орынбаева Гүлнәр Мырзағалиқызы киiзге қазақтың ұлттық ою-өрнектерiн басудың жолдарын көрсеттi. Жаныңа ләззат сыйлайтын эстетикалық мәнi зор бұл өнердiң адам баласына берерi мол.Табиғи өнiмнен жасалатын ұлттық нақыштағы бұйымдардың адам денсаулығына тигiзер пайдасы жайлы айта келiп, барша қыз-келiншектердi қолөнермен айналысуға шақырды.

 

Мақаланың шыққан күні: 04.03.2021

Қаралым саны: 17996

Біз әлеуметтік желідеміз