8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Менiң әулетiмнiң тарихы»

Красный Яр қалалық үлгiлi кiтапханасында «Менiң әулетiмнiң тарихы» атты«Ауыл.Тарих.Тағылым» жобасы аясында Рыспамбетов Аманкелды Жекенұлы кездесу ұйымдастырылып өткiзiлдi Адамның бойында жақсы қасиеттердiң болуы, өнер бiлiмдi игерi-өскен ортаға сонымен бiрге бiлiм беретiн ұстазға байланысты. Осындай ұлағатты,үлгiлi ұстаздар әулетiнiң бiрi — Рыспамбетовтар әулетi.Әкесi Жекен Рыспамбеұлы 45 жыл ғұмырын ұстаздыққа арнады.Жекен Рыспамбетұлының еңбегi жоғары бағаланып 1957 жылы «Қазақ Кеңестiк Социалистiк Респуликасын ағарту iсiнiң үздiгi»,1961 жылы«Қазақ Кеңестiк Социалистiк Респуликасын еңбеқ сiнiрген мұғалiмi» атақтары берiлдi.2019 жылы Кызылсая мектебiнде Жекен Рыспамбетов атындағы оқу кабинетi ашылды. Әкесiнiң жолын жалғап ұлы Аманкелды Жекенұлы, немересi Асет Аманкелдыұлыда жалғастыруда

Мақаланың шыққан күні: 16.04.2021

Қаралым саны: 16098

Біз әлеуметтік желідеміз