8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Жастар және интернет атты»

16 — шы қараша күнi Қалалық Орталық кiтапханасының «Жас Қанат» жастар клубының «Жастар және интернет атты» тақырыбындағы кезектi отырысы болып өттi. Клуб отырысына Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ақпараттық талдау бөлiмiнiң жетекшiсi Каримова Әсем Бекболатқызы және «Шаңырақ» отбасылық мектебiнiң валеолог- тренерi Күлбаева Айнұр Елебекқызы қатысып, өз ойларымен бөлiстi.

Клуб мүшелерi қазiргi таңда ғаламтор желiсi әлемдiк қауымдастықтың негiзгi ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып,

осы тұста адамдар бұрынғыдай кiтап оқу дағдысынан айырылып бара жатқанын, соның салдарынан жастар еркiн ойлауға, ауызекi тiлде көркем сөйлеуге қабiлетсiздiк таныта бастағанын ашып айтты. Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ақпараттық талдау бөлiмiнiң жетекшiсi Каримова Асем Бекболатқызы өз сөзiнде «Қазiргi қоғам — жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамы және XXI ғасырдың бұл ағымы — қоғам дамуының жаңа дәрежесiне жеткiздi. Ақпарат алмасу, қарым-қатынас орнату, жұмыс iздеу, бiлiм алу мүмкiндiгi және тағы басқа iс-әрекеттер шынайы әлемге қарағанда виртуалды әлемде жүзеге асатын болды. Интернет жастардың ең сенiмдi құралдардың бiрiне айналды. Қазiрдiң өзiнде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тiлдесуден гөрi, интернет арқылы, дәлiрек айтқанда, әлеуметтiк желi арқылы «әңгiмелеседi» десе, «Шаңырақ» отбасылық мектебiнiң валеолог- тренерi Күлбаева Айнұр Елебекқызы: «Әлеуметтiк желi бос уақыттың көп бөлiгiн алатынына көз жеткiздiк. Әлеуметтiк желi көзбе-көз қарым-қатынасты ығыстырып қана қоймай, әуестiктi де алмастырды. Әрине, ғаламтордың жақсы жақтары өте көп: үнемдi байланыс құралы, аудио және видеоның қол жетiмдiлiгi, ақпарат iздеу және алмасу мүмкiндiгi және тағы басқа жақсы артықшылықтары бар. Бiрақ, ол жастарды қоғамнан оқшауландырады, яғни жақындармен қарым-қатынас үзiледi, сенiмсiздiк пайда болады, алтын уақытын текке жұмсайды және сколиоз, арқа және нерв жүйесi сияқты ауруларға шалдығады. Қазiргi ақпараттар нөпiрi сананы ерiксiз жаулап алып, жастарды рухани жұтаңдыққа ұшыратып отыруы көңiлге қаяу түсiруде», деп қынжылыс бiлдiрдi. Кiтапханашы Исина Күнсұлу Шайкенқызы кiтапхана қызметi де заманауи үдерiстен қалыспай, мульти — медиялық құрылымдарды қолданатын айта келе, iс шараның тәжiрибелiк бөлiмiнде, кiтапхананың сайты, КАБИС бағдарламасы, кiтаптарды QR-кодирлеу жүйелерiмен таныстырды. Жанайдар Мусин атындағы педагогикалық колледждiң студенттерiнен құралған «Жас Қанат» жастар клубының мүшелерi тақырыпқа байланысты мәселелердi талдап, өрбiтiп, көпшiлiк жастарға ой салуы, көңiл қуанттырды.

      

Мақаланың шыққан күні: 16.11.2017

Қаралым саны: 51915

Біз әлеуметтік желідеміз