8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

ЖАҢАЛЫҚ 15.01.2021 ЖЫЛ КIТАПТАРЫН ОҚУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

«Бiр ел — бiр кiтап» республикалық акциясы оқырмандар арасында өз орнын тауып келедi. Аталмыш жоба қазақ әдебиетiнiң қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетiн қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған. ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiнiң қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кiтапханасы осымен 15 жыл қатарынан ұйымдастырып келе жатқан акция аясында таңдалған кiтаптар республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық және мектеп кiтапханаларында кеңiнен насихатталатын болады.

Жақында 2021 жылдың Жыл кiтаптарын таңдау бойынша «Бiр ел — бiр кiтап» акциясы комиссиясының кезектi отырысы болып өттi. Бұл жолы ел Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсiздiгiмiздiң 30 жылдығына — 30 кiтап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Акция аясында ел болып оқитын кiтаптар үлкендi сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрiн құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттердi сүйiп, толғанулармен оқырман жүрегiнде орын табады деген сенiмдемiз.

Назарларыңызға «Тәуелсiздiгiмiздiң 30 жылдығына — 30 кiтаптың» тiзiмiн ұсынып отырмыз.

Поэзия

1.Мұқағали Мақатаев «Өмiрдастан»

2Жұмекен Нәжiмеденов «Менiң Қазақстаным»

3.Ұлықбек Есдәулет «Киiз кiтап»

4.Серiк Ақсұңқарұлы «Көкейiмде Күлтегiннiң жазуы»

5.Тоқтарәлi Таңжарық «Түн парақтары»

6.Бақытжан Қанапиянов «Достояние души»

Проза

1.Тынымбай Нұрмағамбетов «Перiштелердiң өлiмi»

2.Тобық Жармағамбетов «Отамалы»

3.Сәуле Досжан «Қасiрет пен тағдыр»

4.Юрий Серебрянский «Дәмдi де пайдалы қазақстандық әдебиет»

5.Дәурен Қуат «Бөрiсоқпақ»

6.Тұрысбек Сәукетай «Желқайық»

Драматургия

1.Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр» пьесалар жинағы

2.Дулат Исабеков «Жетi желкен» пьесалар жинағы

3.Мадина Омарова «Көмбе нанның дәмi»

4.Иран-Ғайып «Қорқыттың көрi» пьесалар жинағы

5.Думан Рамазан «Пешене» пьесалар жинағы

6.Сая Қасымбек «Жанталас»

Балалар әдебиетi

1.Ыбырай Алтынсарин «Өнер-бiлiм бар жұрттар»

2.Бердiбек Соқпақбаев «Жекпе-жек»

3.Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити»

4.Толымбек Әбдiрайым «Алабұға аулаған күн»

5.Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды iздеу»

6.Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас»

Аударма

1.Юсупов Кеңес

Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық»

2.Әдетов Бекболат

Эрих Мария Ремарк «Аманат өмiр»

3.Ахметов Әдiл

Агата Кристи «Ғайып болған миллион»

4.Меллат Төлеген

Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн»

5.Мәзен Динара

Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме»

6.Құрметұлы Амангелдi

Орхан Памук «Менiң атым — Қырмызы»

Мақаланың шыққан күні: 15.01.2021

Қаралым саны: 15806

Біз әлеуметтік желідеміз