Көрісу-қауышукүні- Наурыз мейрамының бастауы.Адамныңадаммен, жылдың жылмен көрісіп, қауышқаншағыбұл. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақ. Наурыз – жаңару мейрамы. Хакім Абайдың өзі «Қырдағы ел, ойдағы ел мен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, мауқын басып» деп жырлаған екен. Бұл дәстүрдің тарихына үңілетін болсақ, ертерек те көшпенді өмір сүрген ата-бабаларымыздың қысайларында бір-бірімен көрісе алмай, көктем шығып, күн жылына бастаған да сағынысып, амандық-саулық сұрасуы дәстүр ретінде сақталып қалса керек.
Міне осындай тамаша салтымызды жаңғыртып, Көкшетау қаласының іргесінде орналасқан Красный яр ауылында Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесіне қарасты Красный яр қалалық үлгілі кітапханасы «Наурыз – береке бастауы» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырды.
Шараға ауыл әкімі Тасқынбай Ардақ Тасқынбайұлы, зейнеткер оқырмандарымыз Абишев Есімбек Сабырұлы, Сүлейменов Жексенбай Қабиденұлы, Оспанов Марат Қарашұлы, Дусатова Бақытжан Қалымқызы, Ұзақбаева Арухан Ордашқызы т.б.оқырмандарымыз және ауылымыздың жалпы білім беретін мекемелерінің, аулымыздың мешітінің, ауыл емханасының өкілдері қатысты.
Шарада қонақтарымыз ата салтымызбен құшақтаса көрісіп, бір-бірлеріне ақ жүректерінен ақ тілектерін арнады. Мереке күні берекелі дастархан жайылып, ұлттық тағамдарымыз ұсынылды.
Мақаланың шыққан күні: 14.03.2023
Қаралым саны: 5197
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru