8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Наурызым-құт берекем!»

Бірлік қалалық үлгілі кітапханасында оқырмандар назарына Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Наурызым-құт берекем!» атты көрме вернисаж ұсынылды. Көрмеде ұлттық Наурыз мерекесінің тарихы, қазақтың салт дәстүрлері туралы , баяндайтын қызықты және мазмұнды әдебиеттер ұсынылған, олар: "Наурызнама", "Қазақ халқының салт-дәстүрлері", "Қазақтың киіз үйі" , "Жеті қазына", "Ағаш бесіктен, жер бесікке дейін", "Қазақстан халқының ұлттық киімдері.

"Қазақтың қолөнері – төл өнері" атты екінші бөлімде қазақ халқының мәдени мұрасы, қазақ халқының -қолданбалы өнері. Оқырмандардың назарына  киіз үй, тостаған, ожау, домбыра, қалта, ұлттық киімдер желетке, тақия, жастық, көрпе ұсынылды. Белсенді  кітапхана оқырманы Каир Манара Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Мақаланың шыққан күні: 19.03.2021

Қаралым саны: 15378

Біз әлеуметтік желідеміз