8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Балалар кiтабы апталығы

Халықаралық балалар кiтап апталығы 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестiң шешiмiмен жыл сайын дат жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннiң туған күнiне орай атап өтiледi. Жыл сайын қалыптасқан дәстүр бойынша 2 сәуiр Халықаралық балаларға арналған кiтап күнi. Көкшетау қаласы Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесiнiң Орталық қалалық балалар және жасөспiрiмдер үлгiлi кiтапханасында ауқымды көктем мерекесi кiтап апталығының ашылу салтанаты өтiп келедi, бұл дегенiмiз, бiр апта балалар мен жасөспiрiмдерге арналған танымдық және мерекелiк iс-шаралар бiр жұма бойы өткiзiледi.

Орталық қалалық балалар және жасөспiрiмдер үлгiлi кiтапханасы Балалар кiтап апталығын өз оқырмандарына жергiлiктi балалар жазушы Серiк Сапарұлы Жетпiсқалиевпен кездесуымен ашты. Серiк Сапарұлы алғашқы өлеңдерiн 5-шi сыныпта оқып жүргенде жазған. Осы 5-шi сыныптан бастап, оның өлеңдерi аудандық «Индер» газетiнде, «Қазақстан пионерi» газетiнде, «Балдырған» журналдарында жариялана бастаған. Балаларға арнап, «Бахтияр бұзық бала емес» , «Екi қолтырауынның әлегi», « Теңiз төрiндегi таңғажайып», « Жер иiсiн сағынған бала», « Ермұрат теңiзшi және алып шағала» т.б. повестерi, әңгiмелерi, ертегiлерi жарық көрген. Соңғы жылдары балаларға арнап, шығарма жазумен тұпкiлiктi айналысып жүр. Повесть, ертегiлерi республикалық «Ақ желкен», «Балдырған», журналдарында жарияланып жүр. Кездесуге қатысқан « Мәлiк Ғабдуллин» атындағы №3 гимназия мектебiнiң оқушылары және « SAPSAN» зияткерлiктi дамыту мектебiнiң тыңдаушылары қатысты. Кеш барысында балалар сұрақтарын қойып,өлеңдерiн оқып бердi. Автормен кездесудiң мақсаты балалардың кiтап оқу қабiлетiн арттырады және ең бастысы балаларға кiтапты сүюге, құрметтеуге жетелейдi. Кеш жоғары деңгейде өтiп, балалардың көңiлiнен шықты. Оқырмандарымызға кiтап оқу әр уақытта белсендi әрi қызықты болсын дегiмiз келедi!

Мақаланың шыққан күні: 05.04.2021

Қаралым саны: 17239

Біз әлеуметтік желідеміз