8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ОҚУ КУРС»

19-23 ақпан аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының  Каталогизатор мектебінде Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  ұйымдастырған іс-тәжірибелік оқуға Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің қызметкерлері Нуркенова А.Р., Ш.Б. Мухамеджанова қатысты. Тыңдаушылар халықаралық және ұлттық құжаттармен, библиографиялық жазба құру ережелерімен, каталогтаудың негізгі қағидаларымен, сонымен қатар Ұлттық кітапхананың ғылыми-әдістемелік қызметінің жұмысымен танысты.                                                                    

Оқу курсы отандық бағдарлама - Web-RABIS кітапханалық-ақпараттық жүйесінің 5 модулі бойынша жүргізіліп, тәжірибелік сабақтар өткізілді. Мамандарға ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан «Алатау креатив хаб» мәдени-демалыс, кітапхана орталығына таныстыру экскурсиялары ұйымдастырылды. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды. Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы кітапханашылардың біліктілігін арттыру үшін 26 ақпаннан 1 наурызға дейін оқу курсына Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің әдіскері С.Е.Махсотова қатысты.«Кітапханашылардың шығармашылығын және кәсіби білімін жетілдіру» тақырыбында ұымдастырылған біліктілікті артыру курсының сертификаты табысталды.

Мақаланың шыққан күні: 10.03.2024

Қаралым саны: 337

Біз әлеуметтік желідеміз