Жақында Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығы аясында Түркия мемлекетiнiң Ыстамбұл қаласында қыркүйектiң 23 күнi Дүниежүзi қазақтары қауымдастығының «Жаһандану өркениетiндегi қазақ әлемi» атты Кiшi құрылтайы болып өттi. Туркия елi Қазақстанның Тәуелсiздiгiн ең бiрiншi мойындаған мемлекетердiң бiрi.
Дүниежүзi қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен «Жаһандану өркениетiндегi Қазақ әлемi» атты әлем қазақтарының кiшi құрылтайында Ақмола облысы «Ордалы елге 30 жыл» атты көрмесiн ұсынған болатын.
7 қазан күнi Қазақ қалалық үлгiлi кiтапханасында осы көрменi ұйымдастырушылардың бiрi, Әдебиет және өнер музейiнiң қызметкерi, ақын Бақытбек Бекмұратұлымен кездесу кеш ұйымдастырылды.
Шараға Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң оқытушысы Наурызбаев Ерлан Амангелдiұлы және осы оқу орнының студенттерi, кiтапхана оқырмандары, қызметкерлерi , қала жастары қатысты.
Шарада кеш қонағы Бақытбек Бекмұратұлы өзiнiң iс-сапардан алған әсерi жайлы, «Ордалы елге 30 жыл» атты көрменiң қалай жасақталғаны туралы әңгiмелеп, көрмеге кiргiзiлген жәдiгерлердiң тарихы жайлы құнды мәлiметтермен бөлiстi. Оқырмандар да өз тарапынан пiкiрлерiн бiлдiрiп, сауалдарына толық жауап алды.
Шарада ақынның «Муза», «Ақын қыз» атты өлеңдерiн кiтапхана қызметкерлерi Төлепбердi Ботакөз және Дәуренбек Назгүл жатқа оқыды. Бахытбек Бекмұратұлы да өз шығармашылығынан оқырман қауымға өлеңдерiн оқып бердi. Кешке қатысушылар жас та болса үлкен жетiстiктерге ие болып жүрген Бахытбекке шығармашылық табыс, алда да талай биiк белестердi бағындыруына ақ жол тiледi. Кеш соңында «Жаһандану өркениетiндегi қазақ әлемi» атты қазақтардың Кiшi құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына үндеуi оқылды.
Мақаланың шыққан күні: 09.10.2021
Қаралым саны: 13199
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru