8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ОТБАСЫМ – БАҚЫТ МЕКЕНІМ»

«Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасының ұйымдастыруымен «Отбасым – бақыт мекенім» атты көпбалалы аналармен кездесу өткізілді.

Шара мақсаты жастарды ұлттық мәдениетке және отбасылық құндылықтарға баулу, отбасында өмір сүру бақытын сезіндіру болып табылды.

Шара барысында бүгінде үлгі-өнеге алар жанұяға айналып, отбасылық құндылықтарды қастерлеп, салт-дәстүрді берік ұстанған, ұрпағына тағылымды тәрбие беріп жүрген көпбалалы, өз өңірінің гүлденуі мен көркеюіне елеулі үлесін қосып, еңбек етіп жүрген Камариденовтар, Кәкібаевтар, Ысқақовтар отбасы шарамызға қатысып

Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің І курс студенттерімен кездесті. Ісшара жастармен еркін форматта өтті.

Кездесудің құрметті қонақтары AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы хатшысының орынбасары Ақманат Алимбетова, Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Жетпісқалиев, "Қоғамдық келісім" КММ жобаларды жүзеге асыру және ҚХАА құрылымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы, Аналар кеңесінің мүшесі Райхан Идрисова сөз сөйлеп, алғыс хаттар табыстады.

Тағылымы мол шарадан үлкен әсер алған колледж студенттері жылы лебіздерін білдірді. Әкелер құрметіне Қадыр Мырзалиевтің «Әке» өлеңін тарту етті.

Шараның шырайын келтірген «Достар» мәдениет сарайының әншілері әннен шашу шашты. Кітапханашылар кең ақымды тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасады.

Мақаланың шыққан күні: 27.05.2025

Қаралым саны: 14

Біз әлеуметтік желідеміз