8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ»

13 қыркүйек «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасында көпбалалы аналар «Асыл ана» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымының орынбасары Анаргүл Қайыржанқызы Мұхамедрахимова мен отбасы күніне арналған облыстық «Қазақ мәдениетінде, әдебиетте отбасы бейнесі» сайысында «Жас отау» номинациясымен марапатталған   Әсел Сәрсенбайқызы Молдахметованың қатысуымен «Отбасы – бақыт мекені» атты журфикс ұйымдастырылды.

Журфикс бағдарламасында жанұяның адам өмірінде алатын маңызды рөлі, ата-анаға, үлкендерге деген сүйіспеншілік сезімі, оларға қамқор болу, отбасылық құндылықтар туралы әңгіме өрбіді.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенттері көпбалалы аналардан алған сұхбаттарын тыңдап, отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналатынын ұғынып, өнегелі отбасы арқасында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты да жақсарады екен деген ой түйіп тарқасты. Шараның жастарға берер тағылымы мол болды.

Мақаланың шыққан күні: 13.09.2024

Қаралым саны: 872

Біз әлеуметтік желідеміз