13 қыркүйек «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасында көпбалалы аналар «Асыл ана» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымының орынбасары Анаргүл Қайыржанқызы Мұхамедрахимова мен отбасы күніне арналған облыстық «Қазақ мәдениетінде, әдебиетте отбасы бейнесі» сайысында «Жас отау» номинациясымен марапатталған Әсел Сәрсенбайқызы Молдахметованың қатысуымен «Отбасы – бақыт мекені» атты журфикс ұйымдастырылды.
Журфикс бағдарламасында жанұяның адам өмірінде алатын маңызды рөлі, ата-анаға, үлкендерге деген сүйіспеншілік сезімі, оларға қамқор болу, отбасылық құндылықтар туралы әңгіме өрбіді.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенттері көпбалалы аналардан алған сұхбаттарын тыңдап, отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналатынын ұғынып, өнегелі отбасы арқасында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты да жақсарады екен деген ой түйіп тарқасты. Шараның жастарға берер тағылымы мол болды.
Мақаланың шыққан күні: 13.09.2024
Қаралым саны: 795
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru