Көкшетау қаласының 200-жылдық мерейтойы қарсаңында «Достар» мәдениет сарайы жанындағы үлгілі қалалық кітапханада «Өткені сырлы, келешегі нұрлы – Көкшетау» атты әдеби калейдоскоп өткізілді. Шараға өлкетанушы, фольклортанушы, ғалым, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Есмағанбет Мұсатай Ғалымұлы мен № 8 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 «ә» сынып оқушылары шақырылды. Қонақтар Көкшетау қаласының тарихы туралы бейнебаянды тамашалады. Шараның қадірлі қонағы Мұсатай Ғалымұлы сөз алып, қала тарихын қызықты баяндап берді. Ежелгі заманнан-ақ көкше жерінде байырғы қоныстар болғанымен, Көкшетаудың қала болу тарихы 1824 жылдан басталғанын да айта кетті.
Мақаланың шыққан күні: 12.03.2024
Қаралым саны: 1904
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru