8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ӨЗ ДӘУІРІНІҢ ПЕРЗЕНТІ»

Биыл замандастары Көкшенің көк нөсері Көкен ақын деп дәріптеген, Қазақстанның Халық ақыны, Қазақстанның ақын-жыршылар қоғамының президенті, көптеген республикалық айтыстардың жүлдегері,2-дүниежүзлік соғыстың ардагері Көкен Шәкеевтің дүниеге келгеніне 100 жыл толып отыр. Осы айтулы мерейтойға орай, Красный яр қалалық үлгілі кітапханасында

«Өз дәуірінің перзенті» атты еске алу кеш болып өтті.

Шараның мақсаты: халық жадында өнерімен сақталған саңлақ тұлғаны еске алу, жас ұрпақтың санасында жаңғырту. Шығармашылық мұрасын насихаттау.

Кешке жергілікті әкімшілік өкілдері, Красный яр ауылының әкімі Серікжан Мейрамұлы Мақыш, Қазақстан Жазушылар одағының Ақмола облыстық филиалының директоры Ерболат Баятұлы, Көкен ақынның шәкірті болған Мәдениет саласының үздігі, суырып салма ақын Құдайберлі Мырзабек, көзкөрген, көршісі болған Көкшетау қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Шарапұлы Әлиев, педагог-журналист Бақыт Тасова, Көкшетау қаласының   мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Күнім Әбдісалыққызы Оразбаева, Көкен атамыздың қызы Зайра Көкенқызы, немере інісі Маралбек Шәкеев, Красный яр ауылының жалпы білім беретін мектептерінің ұстаздары, Көкен Шәкеев атындағы ақындар мектебі шәкірттері, жоғарғы оқу орындарының ұстаздары, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты. Кеш барысында қонақтар өз естеліктерімен бөлісіп, ақынның адами асыл қасиеттерін, ақындық шалқар шабытын еске алды. Көкен Шәкеев атындағы ақындар мектебінің шәкірті Берденбек Мырзат арнау айтты, Ұлуар Аубакиров күйден шашу шашты. «Ақ әжелер» тобының орындауында әсем ән орындалып, ауылдастары ақынның ізгі қасиеттерін еске алды.

Шарада көпшілік оқырманға Көкен ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кең ауқымды көрмеде ұсталған заттары: шапаны, марапаттары, куәлігі орын алды, «Асылдың сынығы» фильмнен үзінді көрсетілді.

 

 

Мақаланың шыққан күні: 24.01.2024

Қаралым саны: 666

Біз әлеуметтік желідеміз