8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Өлең сөздің – данасы, шындықтың шырақ анасы»

Қалалық қазақ үлгілі кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған «Өлең сөздің – данасы, шындықтың шырақ анасы» атты шағын конференция ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – 18 ғасырдағы жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген, Абылай ханға кеңес беріп, басқыншы жауға қарсы күрес кезінде ел-жұртты біріктіруге күш салған Бұқар жыраудың бейнесін, мұрасын жас ұрпаққа насихаттап, келер ұрпақтың өз елін, жерін сүйіп, туған халқының ұлттық болмысына бойлауға ықпал ету, ұлт әдебиетіне қызығушылықтарын ояту.

Конференцияға Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры Серік Сапарұлы Жетпісқалиев,Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің филология факультеті кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Сәбит Жәмбек, гуманитарлық ғылымдар магистрі Талапкер Асқарұлы Уәлиев, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының лекторы, филология ғылымдарының магистрі Анар Айтқалиқызы Букаева және аталған оқу орнының студенттері қатысты.

Шара барысында кітапхана оқырмандары мен қатысушылар назарына «Бұхар жырау толғауларындағы тарихи шындық», «Бұқартану тарихының мәселелері», «Жыраулық дәстүр қалыптасуының тарихи кезеңдері» тақырыптарында баяндамалар ұсынылып, талқыланса, студенттер қауымы Бұқар жыраудың толғауларынан үзінділерді жатқа оқыды.

Мақаланың шыққан күні: 07.02.2023

Қаралым саны: 6934

Біз әлеуметтік желідеміз