2 қазан күні «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана «Өмірім де, өрісім де – өнер» тақырыбында Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері, «Көкшетау қаласының құрметті азаматы» Жібек Есекеқызы Бағысованың 85 жасына орай әдеби-музыкалық қонақжай ұйымдастырды.
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Күнім Уразбаева мерейтой иесін құттықтап, бағалы сыйлық пен гүл шоғын табыстады. «Достар» мәдениет сарайының қызметкері Жалғас Тұйғынбеков өнер қайраткерінің құрметіне Төлеген Қажыбайдың «Жұлдызы биік жақсы апа» өлеңін тарту етті.
Жібек Бағысова жастармен болашақтағы тұғырлы өнер биігіне жол салған алғашқы рөлі, мол ізденістері мен ғажап табыстарға толы еңбек жолы туралы естеліктерімен, тәжірибесімен бөлісті.
Шара қонақтары Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының театр және кино актері, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Төлеубек Көңбайұлы, хас шебердің өнері мен өмірі тоғыстырылған «Өмірлік өнер мектебім» атты естелік кітабының жарыққа шығуына мұрындық болған Марал Жақыпова қалың жұртын сахна төрінен төгілген ғажап өнерінің алмастай асыл нұрымен шуаққа бөлей білген Халық әртісі туралы жылы лебіздерін білдірді.
Ақын, жазушы, Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Жетпісқалиев саналы ғұмырының жартысынан көбін театр өнеріне арнаған телегей теңіз таланттың өмір жолын, адамдық, тұлғалық қасиетін жастарға үлгі етті.
Ардақ тұтып, мақтан етер жерлесіміз Жібек Бағысоваға Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінің студенттері «Ерке сылқым» күйін күмбірлетіп ойнап, Бақытбек Аружан «Халық әнін» шырқап берді.
Бұл шарадан жастардың алған әсері мол, түйген мәліметі көп болды.
Мақаланың шыққан күні: 17.10.2025
Қаралым саны: 843
Дс | 10:00-19:00 |
Сс | 10:00-19:00 |
Ср | 10:00-19:00 |
Бс | 10:00-19:00 |
Жм | 10:00-19:00 |
Сн | 10:00-18:00 |
Жк | Демалыс күн |
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сн | Жк |
  |   | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |   |   |
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru