8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Ток-шоу «Өнегелі отбасы – рухани жаңғырудың өзегі»

2 наурыз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалықмақаласы аясында күнi Қалалық үлгiлi қазақ кiтапханасы және Краснояр үлгiлi қалалық кiтапханасы, бiрлесiп, «Достар» МҮ көпсалалы залында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өнегелi отбасы — рухани жаңғырудың өзегi» атты ток-шоу ұйымдастырады.Шараның мақсаты –отбасының қоғамдағы рөлiн және мәртебесiн арттыру; ұрпақтардың өзара түсiнiстiк қарым-қатынасын нығайту.

Туған елге, туған жерге деген сүйiспеншiлiк отбасында қалыптасып, отбасынан бастау алады. Жанұядан бiз әлеуметпен қарым-қатынастың алғашқы дағдылар қалыптасады. Отбасы — бұл әр адамның әлеуметтiк қалыптасуында үлкен маңызы бар қоғамымыздың кiшкене бөлiгi.

Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев айтып өткендей «…отбасы — өте ұлы құндылық. Талай ғасырдан берi әрбiр отбасы — қоғамдағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адамгершiл қасиеттердiң, ұлттық салт-дәстүрлердiң сақтаушысы.отбасы — өз халқыңа, оның мәдениетi мен тұрмысына деген сүйiспеншiлiктiң сарқылмас қайнар көзi».

Iс-шара қатысушылары — бұл, өздерiнiң кiшiгiрiм тарихы бар отбасылар. Красный яр селосының Нұрлы көш кентiнде тұратын Дәмелқазы Әпесханның көпбалалы отбасы өздерiнiң тарихи отаны Қазақстанға Қытай халық Республикасынан көшiп келген.

Бұл 4 бала тәрбиелеп отырған отбасының тарихы. Олардың әрқайсысы музыкаға бейiм, талантты балалар. Үлкен ұлы Дәмелқазы Жанатқазы композитор. Ол «Қазақстан» атты өзiнiң музыкалық туындысын жазды. Бұл шығармасын 2015 жылғы концерттердiң бiрiнде жас вокалдық «Көкше» тобы Елбасы алдында орындады. Бүгiнде «Көкше» МҮ жанында Дәмелқазының ұйымдастыруымен отбасылық ансамбьль жұмыс жасайды.

Iс-шараның келесi қонақтары көпбалалы отбасы, Қытай Халық Республикасының Еңбек сiңiрген әртiсi, Қытай Халық Республикасының қазiргi заман өнер саласындағы «Әйгiлi адамдар» атты Алтын кiтабына есiмi енген Төкен Iлияс пен Күлниса Әбдiкәрiмқызының отбасы. Отбасылық жұп балаларына керемет бiлiм, тәрбие берген: үлкен қыздары Анар, филология ғылымдарының докторы, шетелде қызмет етедi, сол жақта қазақ жазушыларының шығармашылығын белсендi түрде таныстырып жүр, беделдi еуропалық университеттерде дәрiс оқиды. Екiншi қыздары, табысты бизнесмен. Ал кiшi ұлдары бағдарламашы жолын таңдады.

Iс-шараның келесi қонақтары «Покажи мне небо» кiтабының авторы, 13 баланың әкесi Мұрат Қабылбаев және жары Орынбасар Қабылбаева. Мұрат Қабылбаев –он үш баланың әкесi, оның iшiнде он екi баланы асырап алған. Мұрат бала асырап алушылар арасында және қоғамдық қозғалыстарды ұйымдастырушалыра арасында Ақмола облысына танымал адам, «Ребенок должен жить в семье» қоғамдық қозалысының белсендi мүшесi, сонымен қатар Мұрат Қабылбаев Аружан Саинның «ДОМ» қоғамдық қорында жұмыс iстейдi, «Казахстан без сирот» жобасында usynovite.kz сайтының редакторы болып табылады. Қәзiргi таңда үлкен тату-тәттi отбасы.

Мақаланың шыққан күні: 02.03.2018

Қаралым саны: 45104

Біз әлеуметтік желідеміз