8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Ұмытуға болмайтын,Ұлы Жеңіс туралы өлеңдер топтамасы» атты онлайн челлендж

Көкшетау қ. ҚАКЖ Ұлы Жеңiстiң 75 жылдығына орай, 9 сәуiр мен 9 мамыр аралығында «Ұмытуға болмайтын,Ұлы Жеңiс туралы өлеңдер топтамасы» атты онлайн челленджiн iске қосты. Онлайн жоба шеңберiнде Ұлы Жеңiстiң 75 жылдығына арналған соғыс жылдары туралы 75 өлең оқылады.

Жобаның мақсаты: кеңес халқының батылдығы мен халық рухының ұлылығы үлгiсiнде, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, өз Отаны үшiн жауапкершiлiк пен мақтаныш сезiмiн дамыту.

Челленджге қала тұрғындары, кiтапханалардың тұрақты оқырмандары, ЖОО студенттерi мен колледж және орта мектеп оқушылары қатысады.

Жоба 9 мамырға дейiн жалғасады. Осы жобаны жасай отырып, бiз сол қиын жылдары Отанға деген сүйiспеншiлiк ең қатал жаудан күштi екенiн бүкiл әлемге дәлелдеген адамдардың Мәңгiлiк ерлiгiне құрметiмiздi еске түсiремiз деп айтқымыз келедi. Бiздiң борышымыз — батырлардың ерлiгi туралы естелiктi сақтау, оны ұрпақтан ұрпаққа беру, бiздiң балалар мен немерелерiмiзге Жеңiс күнiне зор үлес қосқан ардагерлер туралы айту.

Сондай-ақ челленджге кез келген адам қатыса алады. Ол үшiн соғыс туралы өлеңдердi оқып, әлеуметтiк желiлерге мiндеттi түрде хештэг #Ұлы Жеңiске 75 жыл!

 

#ҰЛЫЖЕҢІСКЕ75ЖЫЛ

#ВЕЛИКОЙПОБЕДЕ75ЛЕТ

https://www.instagram.com/p/B-5_GvdpfWb/

https://www.facebook.com/smagasel/videos/2508788769382411

 

Мақаланың шыққан күні: 06.05.2020

Қаралым саны: 17628

Біз әлеуметтік желідеміз