8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Жамбыл Жабаев — жүз жасаған бәйтерек» онлайн-семинар

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Станциондық және Бiрлiк Қалалық үлгiлi кiтапханасы Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Жамбыл Жабаев — жүз жасаған бәйтерек" онлайн-семинарын ұйымдастырды. Электронды қалалық кiтапханасында семинар zoom платформасы арқылы Алматы қаласы Ж.Жабаев атындағы жасөспiрiмдер кiтапханасында өттi. "Жыр патшасының алыбы — Жамбыл" атты кiтап көрмесi ұйымдастырылды. Ш.Уалиханов атындағы КМУ филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Н. Жәмбек "Жамбыл жырларының ақындық жұмысы" баяндамасымен сөз сөйледi ,филология факультетiнiң 1 курс студенттерi А.Тастемiр, Е.Жанғали, М.Iлияс, В.Котельникова ақынның өлеңдерiн оқыды. Алматы қаласы жасөспiрiмдер кiтапханасының меңгерушiсi Г.Қ.Нұрғалиева "Жыр алыбы-Жамбыл" атты баяндама жасады, жасөспiрiмдер кiтапханасының қызметкерi Қ. Исаханқызы "Жыр алыбы — Жамбыл" атты кiтап көрмесiне шолу жасады, кiтапханашы Р. Арапханұлы "Ленинградтық өренiм"атты өлеңiн оқыды.

Мақаланың шыққан күні: 16.02.2021

Қаралым саны: 13960

Біз әлеуметтік желідеміз