8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Онлайн-телемост «Әнді сүйсең, менше сүй»

Қазақтың Ұлттық поэзияның ұлы кемеңгерi, Хакiм, ұлы ойшыл, реформатор Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, Көкшетау қаласы Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесi, Семей қаласы «Абайдың «Жидебай — Бөрiлi» мемлекеттiк тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейiнiң қатысуымен «Әндi сүйсең, менше сүй» атты онлайн телемост ұйымдастырды. Шараға Қазақ КСР-ның еңбек сiңiрген әртiсi Бисара Мәкенқызы Мәкенова, «Көкшетау» газетiнiң бас редакторы, ақын Серiк Сапарұлы Жетпiсқалиев, Ш.Уәлиханов университетiнiң профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек, «Отан тарихы және Рухани жаңғыру» кафедрасының меңгерушiсi, тарих магистрi Айнур Таласбекқызы Шукеева, Семей қаласы «Абайдың «Жидебай — Бөрiлi» мемлекеттiк тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейiнiң директоры, ф.ғ.к . Тұрдықұл Қасенұлы Шаңбай, Абай қорық — музейiнiң ғылими хатшысы, қазақ тiлi мен әдебиетi магистрi Раушан Әлиханқызы Елекова және музей қызметкерлерi, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң жанындағы көпсалалы колледжiнiң оқытушысы, абайтанушы Мақпал Рахметоллақызы Бекетаева, Қалалық ақпараттық кiтапханалар жүйесiнiң директоры Айгүл Амангелдiқызы, кiтапхана Абишева қызметкерлерi және кiтапхана оқырмандары қатысты. Шараны қазақ тiлi мен әдебиетi магистрi, ақын, кiтапхана қызметкерi Мұхамед Мерекеұлы Қоңқаев жүргiздi.

Мақаланың шыққан күні: 10.08.2020

Қаралым саны: 17966

Біз әлеуметтік желідеміз